Төреғали Төреәлі

Төреғали Төреәлі

Төреғали Төреәлі - еліміздің дарынды әншісі және әндер авторы. Әртіс «тинпоп» жанрында жастайынан жазған әндерінің арқасында үлкен танымалдыққа ие болды. 2015 жылы Ерке Есмаханмен бірге шығарылған «Алло» әні өз кездерінде көптеген тыңдармандардың жүректерінде ұзақ уақыт шырқалып, әнші атын әйгілі етті.

Оның авторлығынан шығарылған туындылардың халық көңілінен шыққаны соншалық, Төреғали Төреәлі «Ұлы дала баласы» аталып кетті. Әртіс «Біртүрлі қыз» әнімен «Жыл таңдауы» ұлттық музыкалық премиясының марапатына қол жеткізді. Әншінің «Қай жақсылығым үшін?», «Таңғажайып», «Бол Жанымда», «До Ре Ми», «Қазақ қызға үйленем», «Жүрегің Қазақ», «Біз Екеуміз» және т.б. сияқты әндері бүгінгі күнге дейін еліміздің музыкалық және той кештерінде шырқалып, елдің көңілін көтеруде.