Құрметті жақсы әнге жаны құмар көрермен!
Сіздерді 6 сәуір күні сағат 18:30-да Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының «Өнер орталығы» концерттік залында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «Ел бірлігі-жаңа Қазақстан» жобасы аясында өтетін концертіне шақырамыз!
Концертке қазақ эстрадасының жарқын өкілдері, Қазақстанның халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Мақпал Жүнісова, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Елшібаева, Елмұра Жаңаберген, Медет Салықов, Салтанат Ахметова, «Құрмет» орденінің иегері Клара Төленбаева, эстрада әншілері, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Әмре, Салтанат Меңдіғалиева және «Астана Сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі қатысады.
Билеттер «Өнер орталығы» кассасында және Тикетон сайтында сатылады.
Байланыс телефон: 8707 701 21 01
Касса: ☎ 90-64-5