Мұқағали

Мұқағали

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім! - деп ақынның өзі жырлағандай, өмірден өзі кетсе де оның өлеңі өшпей, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып, көкке қалықтайды.

Мұқағали қазақтың саңлағы,
Мұқағали ән жырдың шаңырағы.
Шырқалғанда жырларың жаным толқып,
Жүдеу тартқан көңілім жадырады деп- оның сөзіне жазылған әндер бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды.

Ақынды еске алу, оның өшпес көркем мұрасын жастарға насихаттау.