Бір түп алма ағашы

Бір түп алма ағашы

Ә.Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» психологиялық драмасы көрерменге туған ауыл,өзі өскен шаңыраққа деген әрбір адамның парызын қайта оралтып, көп ойларға жетелейді.Ауылда науқас баласымен қалған ана мен қалада тұратын балаларының кереғар тірліктері жаныңды күйзелтіп, еріксіз мұңға бөлейді.Психологиялық драманы көре отырып, әрбір көререннің туған ел ғана емес, туған шаңырақ пен ата-ана алдындағы перзенттік парызы атойлап шыға келеді.Басты кейіпкер Ана мен оның мүгедек баласы, қаладан келгенүлкен ұл, тұрмыстығы қыздар мен күйеу балалар- сан түрлі мінез-құлықтың иелері. Көрерменге көп ой салып, жанарына жас үйірілтетін осындай шығарма жан дүниенің таза болуына үндейді.

Актерлар:

Даметкен – Шалқия Бақытжанова

Мақсат – Нұрсұлтан Есет

Ерғали – Кеңес Кемалбаев

Әлия – Майгүл Мұзбаева

Ләйлә – Роза Ерболатова

Тұрсын – Абзал Құдайбергенов

Зарқымбек – Әсет Оразалин