Ақтөбелік оқушы 5000 доллар сертификатын ұтты

Ақтөбелік Нұрдаулет Таумергенов мылқауларға арналған қолғап ойлап тапты

16.07.2018

15 жасар Ақтөбе қаласының тұрғыны Нұрдаулет Таумергенов 8-14 аралығында Якутск қаласында өткен I Халықаралық интеллектуалды ойындарынан Гран-при жеңіп алды. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысына даярлаған жобасы үшін 5000 доллар табысталды. Нұрдаулет мылқау жандарға арналған қолғап ойлап тапты. Халықаралық интеллектуалды ойындарға 18 елдің жас өнерпаздары қатысты. Нұрдаулет бұл конференцияға ұялы телефонға Bluetooth арқылы іске қосылатын GloveSpeaker қолғабын ұсынды. Конференция жеңімпазы атанған Нұрдаулет Таумергеновке 5000 доллар сертификатын Халықаралық интеллектуалды ойындар комитетінің төрағасы, Сингапур ұлттық университетінің профессоры Леон Чуан Квек және "Майтона" компаниясының президенті Александра Баишева табыстады.