Теміржолшылар мереке күндері қосымша 30 мыңнан астам жолаушы тасымалдауды жоспарлап отыр.
Ақтөбе-Шымкент бағытындағы No205/206 пойыз екі рейске ұлғайтылады, деп хабарлайды Диапазон.
- Олар Ақтөбеден 20, 23 наурызда сағат 18:15-те жолға шығып, Шымкентке 21, 24 наурызда сағат 19:55-те жетеді. Шымкенттен қарама-қарсы бағытта пойыздар 21, 24 наурызда сағат 22:20-да шығып, Ақтөбеге 23, 26 наурызда сағат 01:02-де жетеді.
Сонымен қатар, жолаушылар пойыздарына вагондар қосылады.
7-11 наурыз және 21-25 наурыз аралығында No24/23 «Ақтөбе-Алматы»;
№ 34/33 «Ақтөбе-Алматы» 7-11 наурыз және 20-25 наурыз;
No692/691 «Ақтөбе-Атырау» 7-11 наурыз және 20-25 наурыз аралығында.
5 наурыздан бастап қосымша пойыздарға билеттер сатыла бастады. Билеттерді ticket.railways.kz сайтынан және кассалардан сатып алуға болады.
https://diapazon.kz/news/126125-v-marte-iz-aktobe-pustyat-dopolnitelnii-poezd-i-vagoni