Азаматтық авиация комитеті өткен жылдың қорытындысын шығарды.
Ведомствоның мәліметінше, биыл Қазақстан бойынша 7 миллионнан астам адам ұшқан.
"2023 жылдың 10 айында тасымалданған жолаушылардың жалпы саны шамамен 11 046 430 адамды құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен 23 пайызға артық (ол кезде 8 931 576 адам). Қаңтар - қазан айлары аралығында ішкі бағыттар бойынша тасымалданған жолаушылар саны 7 535 135 адамды құрайды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен 19 пайызға артық (6 308 551 адам)",-делінген KGA Telegram-каналында.
Сонымен қатар, 10 айда халықаралық бағыттар бойынша тасымалданған жолаушылар саны 3 511 295 адамды құрады, бұл 2022 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 34 пайызға көп (2 623 025 адам).
2023 жылғы 1 желтоқсанда әуе тасымалы нарығындағы бәсекелестікті дамыту және авиабилеттер құнын төмендету мақсатында қолданыстағы "ашық аспан" режиміне өзгерістер енгізілді. Осы түзетулерге сәйкес шетелдік авиакомпаниялар Қазақстаннан кез келген халықаралық маршрутта, оның ішінде қазақстандық тасымалдаушылар жұмыс істейтін маршруттарда "ауа еркіндігінің" бесінші дәрежесімен ұшуларды орындай алады.
https://tengritravel.kz/my-country/v-kazahstane-uvelichilos-kolichestvo-aviapassajirov-519365/