Бүгін Ақтөбе облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ, Samruk-Kazyna Trust КҚ қолдауымен ашылған Сағи Жиенбаев атындағы креативті орталық базасында жаңа бірегей мұралдың ашылуы өтті.
«Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы креативті индустриялар салаларын белсенді дамыту мақсатында sreet art жобасы желісі бойынша жаңа орталыққа сыйлық жасады. Бұл бастама JUSAN Банкі мен Repas студиясы ынтымақтастығымен бірігіп қалалық шешімдер арқылы шығармашылық ландшафтты өзгерту үшін Қазақстанның өңірлеріне таратылатын болады.
Ауданды гентрификациялаудың кешенді тәсілі мақсатында мұрал ұйымдастырылды, оның құрамындағы басты объект ересектермен қоршалған, бірақ өз істерімен айналысатын жасөспірім бала болды. Муралдың семантикалық жүктемесі ересек пен бала арасындағы түсініспеушілік мәселесін жою болды.
Муралдың ашылу науқаны аясында түрлі шеберлік сабақтары, фотосессиялар, bookcrossing, сурет байқауы, speaking club, фотосессиялар мен тренингтер өткізілді.
Жаңа ауқымды нысан өңірдің мәдени және шығармашылық өмірін дамытуға серпін береді және жастарға табысты өмір мен мансапқа қажетті дағдылар мен білімді, сондай-ақ Soft skills-ті жетілдіруге көмектесуге арналған.
Шығармашылық орталық функционалдылық пен тақырып бойынша әр түрлі аймақтарды ұсынады. Бұл зонада контент жасау, фото және видео түсірілім жүргізу үшін студия, музыкалық студия, коворкинг, музыкалық қонақ бөлмесі, мультифункционалды іс - шара кеңістігі, қалалық қауымдастықтарға арналған қауымдастық кеңістігі, тақырыптық кітап залдары, TIKTOK аймақтары, суретшілерге, дизайнерлерге және сәулетшілерге арналған шеберханалар, кешкі көрсетілімдерге арналған кино экраны бар көше, рекреациялық аймағы, сондай-ақ, көше белсенділігі бар жазғы өнер резиденциясы және басқалары болады.
Жобаның авторлары Қазақстан Урбанистері қауымдастығы Q88 және Almaty creative Bureau болды.