Бұл ретте азаматтардың екі мемлекеттің аумағында болу мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим туралы келісім 10 қарашадан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
"17 мамырда Сиань қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қытай Халық Республикасының үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім 10 қарашада күшіне енеді. Осы келісімнің 1-бабына сәйкес , екі елдің азаматтары жеке кәсіпкерлік, туризм, емдеу, халықаралық тасымалдау, транзит, сондай-ақ іскерлік мақсаттар үшін визалық талаптардан босатылады», - делінген хабарламада.
Бұл ретте азаматтардың екі мемлекеттің аумағында болу мерзімі мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен, ал барлығы 180 күнтізбелік күн ішінде 90 күнтізбелік күннен аспауы тиіс, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі.
Егер азаматтарға 30 күннен астам тұру қажет болса, олар алдын ала тиісті санаттағы кіру визасын алуы керек.
«Визасыз режим жұмыс істеуге, оқуға және миссионерлік қызметке құқық бермейді».