Шетелдік туристер Қазақстанда орташа есеппен қанша уақыт өткізеді?
7 октября 2024
Шетелдік туристер Қазақстанда орташа есеппен қанша уақыт өткізеді?

Өзбекстаннан келген қонақтар Қазақстан Республикасында ең ұзақ уақыт болады

eQonaq ақпараттық жүйесінің мәліметінше, туристік мақсатпен келген АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея және Үндістан азаматтары Қазақстанда орта есеппен төрт күн болады, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

 Елде болу бойынша Өзбекстан азаматтары көш бастап тұр. Көрші мемлекеттен келген туристер Қазақстанда орта есеппен 10 күнге дейін болады.

Ресейден келген туристер елде орта есеппен алты күн, Беларусь азаматтары – бес күн, Германия – төрт күн, Қытай азаматтары – үш жарым күн болады.

«eQonaq жүйесі бірнеше маңызды функцияларды орындайды: елімізге келетін туристер ағынын бақылау және талдау, орналастыру орындарының тізілімін құру және т.б. Басты мақсат - туристерге көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен сапасын арттыру. Жүйеге орналастыру қызметін көрсететін 3214 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген», - деді Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

https://kapital.kz/gosudarstvo/118049/skol-ko-vremeni-v-srednem-provodyat-v-kazakhstane-inostrannyye-turisty.html

Другие новости
Қазақстандықтар Таиландта визасыз ұзағырақ бола алады
2024-07-16
Қазақстан әлемдік туристік рейтингте Орталық Азиядағы үздік атанды
2024-05-22
Агротуризм 10 мыңнан астам ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етеді
2024-05-20
Шетелдіктер Қазақстанға виза алуда қиындықтарға тап болуда
2024-05-17