
Меморандумның мақсаты – іс-шаралар мен спорттық туризмді дамыту, сондай-ақ халық арасында бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау және қолдау саласындағы Тараптар арасындағы ынтымақтастық.
Тараптар джиу-джитсудан бірлескен халықаралық чемпионаттар, турнирлер және т.б. өткізу туралы уағдаласты.
"Kazakh Tourism "ҰК" АҚ тарапынан бірлескен іс-шараларды ақпараттық қолдауға жәрдемдесу көзделеді.
Бұл ретте, Тараптардың келісімі бойынша «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ баспасөз қызметі алдағы іс-шаралардың күнтізбесін жариялады:
• AJP Tour Astana халықаралық джиу-джитсу чемпионаты: 2-3 желтоқсан 2023 ж.
• AJP Tour Almaty халықаралық джиу-джитсу чемпионаты: 23-24 желтоқсан 2023 ж.
• AJP Tour Astana халықаралық джиу-джитсу чемпионаты: 20-21 қаңтар, 2024 ж.
• AJP Tour Almaty халықаралық джиу-джитсу чемпионаты: 17-18 ақпан 2024 ж.
• AJP Shymkent джиу-джитсу фестивалі 2024: 3 наурыз, 2024 ж.
• AJP Tour Алматы аймақтық джиу-джитсу чемпионаты: 16-17 наурыз 2024 ж.
• AJP Tour Astana халықаралық джиу-джитсу чемпионаты: 25-26 наурыз, 2024 ж.