Қазақстанда шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеудің жаңа ережелері енгізілді

Қазақстанда шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеудің жаңа ережелері енгізілді

2023 жылы әкімдіктердің бюджеттері баждың осы түрінен 300 млн теңгеге толықтырылды

1 тамыздан бастап Қазақстанда шетелдіктер үшін туристік жарна төлеудің жаңа ережелері күшіне енді. Бұдан былай туристік жарнаға жергілікті мәслихаттар айқындайтын 0,2 (690 теңге) бастап 0,5 АЕК (1725 теңге) дейінгі тіркелген ставкалар қолданылады. 2023 жылдың басынан бастап әкімдіктердің бюджеттеріне туристік жарналар есебінен шамамен 314 млн теңге түсті, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. 

Ведомство жарна мөлшері өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі туристік ағын бойынша статистикалық деректер негізінде айқындалатынын түсіндірді. 

"Егер шетелдік туристер бір жыл бұрынғыға қарағанда аз болса, онда мәслихат мөлшерлемені ең төменгі деңгейге дейін төмендетуі мүмкін. Егер туристер саны өссе, жарна мөлшерін белгіленген сомалар шегінде ұлғайтуға болады: 0,2 АЕК-тен 0,5 АЕК-ке дейін. Туристік жарна мөлшерлемелерінің мөлшері маусымдыққа байланысты, бірақ жылына екі реттен артық емес өзгертуге жол беріледі", - деді министрлік.

Шетелдіктер үшін туристік жарна хостелдерден, қонақ үйлерден, қалалар мен аудандардағы жалдамалы тұрғын үйлерден басқа, орналастыру орындарында болған әрбір тәулік үшін алынады. Толық емес күн үшін шетелдік қонаққа жарна толық күн ретінде алынады. 

Туристік жарна орналастыру орындарында тіркелген кезде төленеді. Ол тұру құнына қосылмайды. 

"Қазақстанда шетелдіктер үшін туристік жарна осы жылдың басынан бастап алынады. Алайда, кәсіпкерлермен және қонақ үй бизнесінің өкілдерімен кездесу қорытындысы бойынша туристік жарнаның мөлшерін қайта қарау туралы шешім қабылданды.Ол бұрынғыдай АЕК емес, тұру құнының пайызымен есептелетін. Қазіргі уақытта турвзнос төлеуден босатылатын адамдардың санаттарын анықтау мәселесі пысықталуда. Алайда, бұл заңдарға өзгерістер енгізуді талап етеді, сондықтан ұзақ уақыт қажет болуы мүмкін", – деп атап өтті Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Жаңалықтар

Қазақстандықтар Таиландта визасыз ұзағырақ бола алады
 Қазақстандықтар Таиландта визасыз ұзағырақ бола алады
2024-07-16
Қазақстан әлемдік туристік рейтингте Орталық Азиядағы үздік атанды
Қазақстан әлемдік туристік рейтингте Орталық Азиядағы үздік атанды
2024-05-22
Агротуризм 10 мыңнан астам ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етеді
Агротуризм 10 мыңнан астам ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етеді
2024-05-20