Қазақстанда туристік салық жойылады
7 октября 2024
Қазақстанда туристік салық жойылады

Қазақстанда жақын арада bed tax деп аталатын туристерге салынатын салық жойылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев мәлім етті.

"Біз bed tax салығын тоқтату керек деген шешім қабылдадық. Жүйе отандық бизнес үшін және шетелдік туристер үшін белгілі бір қолайсыздықтар туғызады. Жүйе енгізілген сәттен бастап ел бойынша шамамен 500 миллион теңге жиналғанына қарамастан, bed tax қызметін қысқа мерзімде тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.

Шұғыл түрде бұйрыққа өзгерістер енгіземіз, туристік салық тоқтатылады», - деді Еркінбаев.

Bed tax салығын жинау, немесе туристерге салынатын салық – туризм инфрақұрылымын дамытуға және елдің туристік қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған қаражаттардың жиынтығы.

Қазақстанда туристердің қонақүйде тұру құнының 1-5 пайызы көлемінде bed tax салығын бекітуді жоспарлаған. Бизнес өз тарапынан «жиналған қаражатты жинау, аудару және пайдаланудың нақты механизмінің жоқтығына» наразы болды.

https://tengritravel.kz/my-country/nalog-na-turistov-otmenyayut-v-kazahstane-514244/

Другие новости
Қазақстандықтар Таиландта визасыз ұзағырақ бола алады
2024-07-16
Қазақстан әлемдік туристік рейтингте Орталық Азиядағы үздік атанды
2024-05-22
Агротуризм 10 мыңнан астам ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етеді
2024-05-20
Шетелдіктер Қазақстанға виза алуда қиындықтарға тап болуда
2024-05-17