Қытайда қазақстандық туризм жылына дайындық басталды

Қытайда қазақстандық туризм жылына дайындық басталды

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Е.Маржықпаев Қытай Халық Республикасының Мәдениет және туризм министрі Сунь Елимен Қытайда Қазақстан туризм жылын өткізу жоспарын және туризм саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өткен жылғы Қытайға ресми сапары барысында 2024 жыл «Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы» болып жарияланды.

Ресми кездесу барысында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Қытайдың ірі қалаларында бірқатар маңызды іс-шараларды өткізуді көздейтін Қазақстан туризмі жылының Тұжырымдамасын таныстырды. Туризм жылының ашылуы ағымдағы жылдың наурыз айының соңында жоспарланып, барлығы 25-тен астам түрлі іс-шаралар жоспарланған.

— Қытай Қазақстан үшін басым туристік нарықтар мен серіктестердің бірі болып табылады. Бұл екі елдің географиялық орналасуына және Жібек жолы бойындағы терең тарихи байланыстарға байланысты. Бүгінде елдеріміз арасындағы туристік ағынның көрсеткіштері пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралуда», - деді Ермек Маржықпаев.

Осылайша, Қытайдан келген туристер өткен жылы Қазақстанға келген ТОП-5 туристердің қатарына енді. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, өткен жылдың 9 айында Қазақстанда 75 мыңнан астам туристке орналастыру орындары ұсынылса, Қазақстанға Орта Патшалықтан келгендердің жалпы саны 200 мыңнан асты.

Ведомствоның атап өтуінше, өткен жылдың 10 қарашасынан бастап визасыз режим енгізілгенін және биылғы жылы жоспарланған тікелей рейстер санын аптасына 30-ға дейін арттыруды ескере отырып, туристік ағынның одан әрі артуы күтілуде. Сондай-ақ кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың басқа да мәселелерін, соның ішінде маркетинг пен туризмге инвестициялауды, елдердің туристік ұйымдары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуды, сондай-ақ тәжірибе алмасуды талқылады.

Соңында Ермек Маржықпаев Сун Ели мырзаны алдағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің туризм әкімшілігі басшыларының кездесуіне қатысу үшін Қазақстанға шақырды.

https://www.inform.kz/ru/nachalas-podgotovka-k-godu-kazahstanskogo-turizma-v-kitae-ee98c3

Жаңалықтар

Қазақстандықтар Таиландта визасыз ұзағырақ бола алады
 Қазақстандықтар Таиландта визасыз ұзағырақ бола алады
2024-07-16
Қазақстан әлемдік туристік рейтингте Орталық Азиядағы үздік атанды
Қазақстан әлемдік туристік рейтингте Орталық Азиядағы үздік атанды
2024-05-22
Агротуризм 10 мыңнан астам ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етеді
Агротуризм 10 мыңнан астам ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етеді
2024-05-20