Туризм және спорт министрі болып Ермек Маржықпаев тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі болып тағайындалды, ол бұрын атқарған қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.
Ермек Маржықпаев 2019 жылдың наурыз айынан бастап Ақмола облысының әкімі қызметін атқарды.
https://informburo.kz/novosti/ministrom-turizma-i-sporta-stal-ermek-marzikpaev