АСТАНА. КАЗИНФОРМ - Бұқаралық туризмді одан әрі ынталандыру мақсатында халықаралық тәжірибеге сәйкес «Кэш Бэк» туристік жүйесін енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлім етті, деп хабарлайды "КазИнформ" ХАА тілшісі.
"Бұқаралық туризмді одан әрі ынталандыру мақсатында, халықаралық тәжірибеге сәйкес, біз «төменгі» маусым кезінде туристердің тур құнының 20%-ға дейін шығындарын субсидиялауды көздейтін «Кэш Бэк» туристік жүйесін енгізу бойынша жұмыс істеп жатырмыз, - деді Асхат Оралов.
Министр цифрландыру бойынша жұмыстарға да тоқталды.
«Цифрландыру бойынша жұмысты жалғастыра отырып, біз гидтердің бірыңғай тізілімін цифрландырумен айналысамыз. Бұл шешім гидтерді үнемі жетілдіруге, біліктілігін арттыруға және ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыруға ынталандырады. Сондай-ақ туристердің мәселелерін жылдам шешу үшін «i-Tourist» ақпараттық байланыс орталығын құруды ұсынамыз», - деп қосты Асхат Оралов.
https://www.inform.kz/ru/kontakt-centr-i-tourist-predlagayut-sozdat-v-rk_a4080875