Біз 2023 жылдың соңына қарай Қытайдан Қазақстанға туристік ағынның қалпына келуін болжап отырмыз. Бұл туралы Бейжіңде өтіп жатқан Қытайдың шетелдегі туристік нарығы (COTTM) халықаралық көрмесінде ҚазАқпарат тілшісіне «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ жылжыту департаментінің директоры Шырын Мусина мәлім етті.
«2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қытайдан Қазақстанға туристік ағын 45 пайызға қалпына келгенін көріп отырмыз. Биылғы жылдың соңына қарай Қытайдан келетін туристік ағын толығымен пандемия деңгейіне дейін қалпына келеді деп болжап отырмыз», - деді ол.
Оның айтуынша, 2019 жылы Қытайдан Қазақстанға 88 мыңнан астам турист келген.
«2024 жылы біз Қытайдан Қазақстанға туристік ағынның одан әрі артатынын болжап отырмыз», - деді ол.
«Kazakh Tourism» өкілі 2024 жыл Қытайда Қазақ туризмі жылы болып жарияланғанын атап өтті. Келесі жылы туризм және мәдениет саласына қатысты бірқатар іс-шаралар жоспарлануда, олар инфотурлар, блог-турлар және т.б.
Бейжіңде қарашаның 15-і мен 17-сі аралығында өтіп жатқан Қытайдың шетелдік саяхат және туристік нарығының (COTTM) халықаралық көрмесіне Қазақстанның туристік саласының 25 өкілі қатысуда.