
АСТАНА. КАЗИНФОРМ - Бүгінгі таңда туристер арасында глэмпингтерде табиғат аясында демалу үлкен танымалдылыққа ие болуда. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Казинформ" ХАА тілшісі.
"Глэмпинг-бұл қарапайым кәсіпкер үшін нақты бизнес-жоба және ол халыққа қол жетімді. Соңғы уақытта еліміздің 8 өңірінде осындай 38 кешен пайда болды", - деді Асхат Оралов.
Сонымен қатар, министр атап өткендей, визит-орталықтарды дамыту маңызды аспект болып табылады. Бұл орталықтар туристердің алғашқы аялдамасы мен демалыс орны ретінде қызмет етеді, сонымен қатар ұйымдастырылған туризм мәдениетін арттыруға септігін тигізеді.
"Соңғы 2 жылда елімізде 11 визит-орталық ашылды, оның ішінде жеке инвесторлар салған 6 нысан бар",-деп қосты Асхат Оралов.
https://www.inform.kz/ru/kakoy-vid-otdyha-stanovitsya-populyarnym-v-kazahstane_a4080858