Ақтөбе облысының Әйтекеби ауданында жол бойындағы қызмет көрсету нысандары көбейіп кетті. Қазір Батыс Еуропа – Батыс Қытай және Астана – Ақтөбе бағыттарының аймақтық учаскесінде 10-нан астам кемпингтер мен кафелер жұмыс істейді.
Жыл соңына дейін тағы екеуі салынады. Туристер саны артып келеді дейді мамандар. Мәселен, өткен жылдың өзінде ауданға алыс-жақын шетелдерден екі мыңнан астам қонақ келген. Сондықтан туризмді дамытуға қатысты жобаларды жүзеге асыру қажеттілігі туындап отыр.
Алтынгүл Кеңесбайқызы, Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:
- Әйтеке би ауданында тарихи орындар көп. Ақын Тарас Шевченко барған жерлер, Үңгіртас үңгірі бар. Сонымен қатар, көптеген аттракциондар бар, олардың бағыттары белгіленбеген. Алдағы уақытта бұл мәселе шешілсе, сырттан келетін туристер көбейеді.