FlyArystan Мысырға рейстерді орындайды – Көлік министрлігі

FlyArystan Мысырға рейстерді орындайды – Көлік министрлігі

Қазақстан мен Мысыр елдер арасындағы әуе рейстерінің санын арттыруды көздеп отыр.

Қазақстан мен Египеттің авиациялық биліктері елдер арасындағы рұқсат етілген рейстердің жалпы санын аптасына 14-тен 48-ге дейін, сондай-ақ рұқсат етілген нүктелерді – әр тарап үшін екіден үшке дейін ұлғайтуға келісті, деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстан Республикасы хабарлайды.

Тараптар сондай-ақ тағайындалған тасымалдаушылардың санын көбейту туралы шешім қабылдады. Осылайша, қазақстандық тарап қолданыстағы Air Astana және SCAT тасымалдаушыларына қоса, елдер арасындағы тұрақты рейстерді орындау үшін FlyArystan әуе компаниясын тағайындады. Египет тағайындалған әуе компанияларының санын беске дейін кеңейтті: EgyptAi, EgyprAir Cargo, Air Cairo, Red Sea, Nile Air.

Сонымен қатар, екі елдің әуе компаниялары өзара коммерциялық келісімдер жасай алады. Қол жеткізілген уағдаластықтардың негізінде тағайындалған әуе компаниялары рейстер санын арттырып, елдер арасындағы ұшу географиясын кеңейтуді жоспарлап отыр.

https://informburo.kz/novosti/flyarystan-budet-vypolnyat-reisy-v-egipet-mintransporta

Жаңалықтар

Қазақстандықтар Таиландта визасыз ұзағырақ бола алады
 Қазақстандықтар Таиландта визасыз ұзағырақ бола алады
2024-07-16
Қазақстан әлемдік туристік рейтингте Орталық Азиядағы үздік атанды
Қазақстан әлемдік туристік рейтингте Орталық Азиядағы үздік атанды
2024-05-22
Агротуризм 10 мыңнан астам ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етеді
Агротуризм 10 мыңнан астам ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етеді
2024-05-20