Бейжіңде «Наурыз фест» фестивалі өтті

Бейжіңде «Наурыз фест» фестивалі өтті

Қытайдағы Қазақстанның туризм жылының ашылуы аясында сенбі күні әйгілі Бейжің арт-зонасы 798 алаңында «Наурыз фест» фестивалі өтті.

Қазақстандық өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар Бейжің қонақтары мен тұрғындары үшін ауқымды мерекелік бағдарлама әзірледі.

Қытай Халық Республикасының астанасындағы заманауи өнердің үлкен орталығында қазақ халық аспаптар оркестрі «Сүгір» мен «Яссы» би ансамблі өнер көрсетті.

– Қытайдағы Қазақстанның туризм жылының соншалықты серпінді әрі табысты басталғанына қуаныштымын. Бірнеше күннің ішінде қазақстандық шығармашылық топтар Бейжіңде үлкен концерттер ұйымдастырды, осылайша Қытай Халық Республикасы астанасының қонақтары мен тұрғындары Қазақстан туралы көбірек білді, деп атап өтті Қытай Халық Республикасы Жазушылар одағының мүшесі Акбар Мәжит. 

«Nauryz Fest» фестивалінің директоры Мейіржан Әлиакпаров іс-шара бағдарламасының қызықты, мазмұнды және көркем екенін атап өтті.

– Бейжің тұрғындары мен қонақтары көптеген жағымды әсерлермен қалды. Көріп отырғанымыздай, бүгінде мұнда өнер қайраткерлері мен жергілікті жұртшылық арасында шынайы ауызбіршілік атмосферасы қалыптасқан», – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жыл Қытайда Қазақстанның туризм жылы болып жарияланған болатын.

Бұрын хабарланғандай, Қытай астанасының орталығындағы Қытай мемлекеттік опера театрында Қазақстанның Қытайдағы туризм жылының ашылу салтанаты өтті. Салтанатқа қатысушыларға Қазақстан Президенті мен Қытай Халық Республикасының Төрағасы құттықтау хат жолдады.

https://www.inform.kz/ru/festival-nauriz-fest-proshel-v-pekine-b49c6a

Жаңалықтар

Қазақстандықтар Таиландта визасыз ұзағырақ бола алады
 Қазақстандықтар Таиландта визасыз ұзағырақ бола алады
2024-07-16
Қазақстан әлемдік туристік рейтингте Орталық Азиядағы үздік атанды
Қазақстан әлемдік туристік рейтингте Орталық Азиядағы үздік атанды
2024-05-22
Агротуризм 10 мыңнан астам ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етеді
Агротуризм 10 мыңнан астам ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етеді
2024-05-20