Еуропалық әуе компаниялары Қазақстанға жиі ұшатын болады

Еуропалық әуе компаниялары Қазақстанға жиі ұшатын болады

Бельгияда Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі делегациясының Еуропалық комиссия, Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі (EASA) және ЕО-ға мүше елдердің авиациялық билік өкілдерімен кездесуі өтті.

Тараптар ұшуды пайдалану, ұшу жарамдылығы, авиация персоналын лицензиялау, сапа менеджменті жүйесі және ұшу қауіпсіздігін басқару салаларындағы мәселелерді талқылады.

Еуропалық Комиссияның Авиациялық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Питер Бомбей қазақстандық авиация билігінің ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша бұрын анықталған ескертулер мен ұсыныстарды жоюдағы жұмысын оң бағалады.

«Азаматтық авиация комитетінің өкілдері Еуропалық комиссия дирекциясының орынбасары Клаус Гелмен кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы әуе қатынасы туралы көлденең келісімнің жобасын талқылады.Тараптар әуе қатынасы жөніндегі ілгерілеушілікті атап өтті. Келісім жобасымен келісіп, оған қол қою бойынша жұмысты жалғастыруға келісті», - деп хабарлайды ҚР ҚСА баспасөз қызметі.

Бұл келісімге қол қою Еуропа мен Қазақстан арасындағы әуе қатынасын кеңейтуге ынталандырады.

https://tengritravel.kz/my-country/evropeyskie-aviakompanii-budut-chasche-letat-v-kazahstan-513517/

Жаңалықтар

Қазақстандықтар Таиландта визасыз ұзағырақ бола алады
 Қазақстандықтар Таиландта визасыз ұзағырақ бола алады
2024-07-16
Қазақстан әлемдік туристік рейтингте Орталық Азиядағы үздік атанды
Қазақстан әлемдік туристік рейтингте Орталық Азиядағы үздік атанды
2024-05-22
Агротуризм 10 мыңнан астам ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етеді
Агротуризм 10 мыңнан астам ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етеді
2024-05-20