Ержан Еркінбаев туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды

Ержан Еркінбаев туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды

Ержан Еркінбаев Туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Үкімет қаулысымен Ержан Мәлікұлы Еркінбаев туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды.

2021 жылдан бастап тағайындалғанға дейін ол мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарды. 

Ержан Еркінбаев 1982 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік Заң Академиясын, 

Халықаралық бизнес академиясын бітірген. 

Еңбек жолын 2002 жылы жеке компанияда заңгер қызметінен бастаған. 

Әр уақытта заңгер, атқарушы директор, бірқатар коммерциялық құрылымдардың бас директоры болып жұмыс істеді.

"Шымбұлақ" тау шаңғысы курортының, "Медеу" спорт кешенінің бас директоры қызметін атқарды, VI шақырылған Алматы мәслихатының депутаты болды. 

2016-2018 жылдары Алматы мемлекеттік зоологиялық паркінің директоры болып жұмыс істеді. 

2019-2021 жылдары "Kazakh Tourism Ұлттық компаниясы"АҚ Басқарма төрағасының, Басқарма төрағасының міндеттерін атқарды.

https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/erjan-erkinbaev-naznachen-vitse-ministrom-turizma-i-sporta-515999/

Жаңалықтар

Қазақстандықтар Таиландта визасыз ұзағырақ бола алады
 Қазақстандықтар Таиландта визасыз ұзағырақ бола алады
2024-07-16
Қазақстан әлемдік туристік рейтингте Орталық Азиядағы үздік атанды
Қазақстан әлемдік туристік рейтингте Орталық Азиядағы үздік атанды
2024-05-22
Агротуризм 10 мыңнан астам ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етеді
Агротуризм 10 мыңнан астам ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етеді
2024-05-20