Ералы Тоғжанов: "Өңір экономикасы үшін ішкі туризмді дамыту аса маңызды"

Ералы Тоғжанов: "Өңір экономикасы үшін ішкі туризмді дамыту аса маңызды"

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Қарғалы ауданындағы ішкі туризмді дамыту максатында жүзеге асырылып жатқан жұмыстарымен танысты. Атап айтқанда, облыс басшысы өңіріміздегі ең тартымды туристік орындардың бірі - Каскыр сарқырамасының айналасында салынатын инфрақұрылымыy тексерді.

Сарқырама Актөбеден 120 шақырым кашықтықта орналасқан.

Аумақты абаттандыру жұмыстарымен «Байқұла» шаруа қожалығы айналысады. «БЖК-2025» бағдарламасы аясында 2021 жылдан бастап Қасқыр сарқырамасында инфрақұрылымын дамыту бойынша бірқатар жұмыс жүргізілді. Оның ішінде, аспалы көпір, киіз үйлер, демалушыларға арналған орындар, екі глэмпинг, катамарандар мен қайықтар сатып алынды. Биыл екі ағаш үй мен моншаның кұрылысы аяқталған. Кафенің кұрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл сайын аталған туристік нысанға өңірдің жүз мыңнан астам тұрғыны келеді.

“Бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру керек. Аумақта демалуға қолайлы жағдай жасалып, абаттандырылатын болса - демалушылар саны да ұлғаяры анық. Біздің өңірде ішкі туризмді дамытуға орасан зор экономикалық әлеует жетерлік», - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

“Байқұла” ШҚ басшысы Максат Ысқақов ауданда эко-туризмнің тартымдылығын арттыру бойынша алдағы жоспарлары туралы баяндады. Мәселен, ауданның су айдындарында 2018 жылдан бастап шаруашылық, күтілетін өнімділігі 50 тонна болатын туқы мен форель өсіруге кіріскен.

Ақтөбе облысы әкімнің баспасез кызметі

https://www.instagram.com/p/CtT8glCN1bS/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

Жаңалықтар

Қазақстандықтар Таиландта визасыз ұзағырақ бола алады
 Қазақстандықтар Таиландта визасыз ұзағырақ бола алады
2024-07-16
Қазақстан әлемдік туристік рейтингте Орталық Азиядағы үздік атанды
Қазақстан әлемдік туристік рейтингте Орталық Азиядағы үздік атанды
2024-05-22
Агротуризм 10 мыңнан астам ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етеді
Агротуризм 10 мыңнан астам ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етеді
2024-05-20