Онда гидтер, такси құны, электрондық сим-карталар, қазақ тіліндегі сөз тіркестері туралы ақпарат болады
Қазақстан шекарасында шетелдік туристердің жайлылығын арттыру үшін QR-кодтарды енгізу жоспарлануда. Олар бойынша гидтер, такси құны, электрондық сим-картаны сатып алу бойынша ақпарат, сондай-ақ қазақ тіліндегі пайдалы сөз тіркестері ұсынылатын болады.
"Шетелдік туристердің жайлылығын арттыру үшін шекарада QR-кодтарды енгізу пысықталуда, олар бойынша туристер гидтер, такси құны, электрондық сим-картаны сатып алу бойынша ақпаратты, сондай - ақ қазақ тіліндегі пайдалы сөз тіркестерін және т.б. таба алады", - деп нақтылады.
Бұдан басқа, келесі жылы туристік тартымдылыққа сүйене отырып, өңірлердің рейтингі бойынша цифрлық платформа әзірленетін болады. Бағалау критерийлерінің бірі ыңғайлы навигацияның, қоғамдық орындарда интернеттің болуы, туробъектілерге Билеттерді сатып алу сервистерінің болуы және т. б.
"Cондай-ақ білікті гидтер мен экскурсоводтардың бірыңғай ақпараттық базасын құру үшін бейдждерді ұсына отырып, гидтердің қызметін цифрландыру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады. Бейдж гидтерге тургруппаның сүйемелдеуімен мұражайларға, ұлттық парктерге және басқа орындарға тегін кіруге мүмкіндік береді", - деп атап өтті министр.
Инженерлік инфрақұрылымды дамыту үшін 2019 жылдан 2021 жылға дейін 37,3 млрд теңге сомасына 56 жоба аяқталды.
"Өткен жылы құны 27 млрд теңге болатын 28 инфрақұрылымдық жоба аяқталды. Басым аумақтардың тізімі Топ-20-ға дейін кеңейтілді. Осылайша, әр аймақта өсудің ең перспективалы нүктелері анықталды. Бұрын ұсынылмаған тізімге Шығыс Қазақстандағы Катонқарағай, Атырау облысындағы Сарайшық қалашығы, Ұлытау облысы және т.б. кірді",-деп нақтылады Ермек Маржықпаев.
Сонымен қатар, хаотикалық дамуды болдырмау үшін, сондай-ақ тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында дамудың нақты учаскелерін, инфрақұрылымдық қажеттіліктерді және қаржы моделін айқындай отырып, мастер-жоспарлар әзірленетін болады.
"Мастер-жоспарлардың іске асырылуына мониторингті ведомствоаралық комиссия жүргізу ұсынылады. Туризм саласындағы инвестициялық әлеуетті дамытуға көп көңіл бөлінеді. Мемлекет басшысының 15 инвестициялық жобаның тізбесін қалыптастыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес Ақтаудағы жылы жағажайды дамытуды аяқтау бойынша жұмыстар жүргізілуде, "Қаскелең" тау шаңғысы курортын салу, Silk Road Express турпоезын іске қосу, Алматыда конгресс-көрме орталығын салу, Қазақстанның оңтүстігінде ойын-сауық тақырыптық паркін ашу және т. б. үшін инвесторларды іздеу жүргізілуде."деп, - министр атап өтті.
Кадрлық әлеуетті дамыту үшін "Қазақтуризм" 2024 жылы:
- онлайн-туризм академиясының базасында жаңа курстар арқылы сала қызметкерлері мен кәсіпкерлерінің құзыретін арттыру;
- туристік гидтер қауымдастықтарының Дүниежүзілік федерациясын (WFTGA) тарта отырып, гидтер дайындау, сондай-ақ халықаралық әдістеме бойынша кәсіби гидтер дайындауға қабілетті жаттықтырушыларды даярлау бойынша жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр
- ауыл тұрғындарын қабылдауға үйрету. Бұл жоба 3 жыл ішінде жүзеге асырылуда және барлық уақытта 900-ден астам адам оқытылды.
"Жоғарыда аталған шаралар Қазақстанның туристік тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді және саланы дамыту тұжырымдамасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпал етеді", - деп түйіндеді министр.