Ә.Молдағұлова халықаралық әуежай Катар астанасына жаңа халықаралық рейс ашылғанын хабарлады.
Тарихта алғаш рет Ақтөбеден Катардың астанасы Дохаға тікелей әуе қатынасы ұйымдастырылады.
Бұл бағыттағы рейстерді FlyArystan компаниясы мен Airbus A320 ұшағымен орындайтын болады.
Ұшақтар аптасына бір рет жұма күндері ұшатын болады. Ұшу уақыты 4 сағат 40 минутты құрайды.
Ұшулар , 27 қазанда басталды.
Бұл рейстің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуға оң әсерін тигізеді.
Сонымен қатар, Ақтөбеден Пхукетке (Тайланд) 2 қарашадан бастап рейстер қайта жанданатыны хабарланды.
Сондай-ақ Үрімжі мен Ташкентке әуе рейсін ашу, Мәскеу, Қазан, Баку және Тбилисиге рейстерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
https://www.inform.kz/ru/aktobe-i-dohu-soedinit-aviareys-0e32fb