Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады
2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстандағы туристік қызметтен түсетін салық түсімдерінің көлемі шамамен 208 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,4% - ға артық (188,5 млрд теңге), деп хабарлады ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қорытындысы бойынша туристік қызметтен түсетін салық түсімдерінің рекордтық деңгейі тіркеліп, 389 млрд теңгені құрады.
"Туристік қызметтен түсетін салық түсімдері пандемияға дейінгі көрсеткіштерден едәуір асып түседі. Мәселен, 2019 жылы олардың жалпы көлемі 200,5 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жартысына жуығы. Қазақстандық орналастыру орындары көрсететін қызметтер көлемі де өсуде. Мәселен, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің Қонақ үйлері туристерге 98,7 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45% - ға артық", - деді ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Абдуалиева.