Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Қазақстаннан 2023 жылдың соңына дейін қандай халықаралық рейстер іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды Tengritravel.kz.
Министрдің айтуынша, халықаралық жолаушылар авиатасымалдарын дамыту үшін 2017 жылдан бастап open sky режимі енгізілді, сондай-ақ жыл сайын жаңа халықаралық маршруттар ашылуда.
- "Бүгінгі таңда халықаралық тасымалдарды 27 елге 103 авиамаршрут бойынша үш отандық және 26 шетелдік авиакомпания орындайды, бұл пандемияға дейінгі көрсеткіштерден жоғары", - деді Марат Қарабаев Үкімет отырысы кезінде.
Сонымен қатар, министр биыл 18 халықаралық маршрут ашу жоспарланып отырғанын, оның 9-ы қазірдің өзінде ашық екенін айтты.
- "Жыл соңына дейін Доха, Куала-Лумпур, Анкара, Карачи, Лахор, Джидда, Маскат, Прага және Тель-Авивке тағы 9 жаңа халықаралық маршрут ашылады деп күтілуде. 2025 жылға дейін Мумбайға, Гонконгқа, Венаға, Токиоға, Сингапурға, Нью-Йоркке және басқа да бағыттарға рейстер ашылады деп жоспарлануда", - деді ол.
https://tengritravel.kz/my-country/kakie-aviareysyi-iz-kazahstana-zapustyat-do-kontsa-2023-goda-500473/