Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайы

Орналасуы: Ораз Татеұлы көш., 3;
Instagram: Өту
Сайт: Өту
Виртуалды тур: Өту
Координаттары: 50.276935, 57.139599

Маршрут салу Маршрут салу

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1929 жылы жергілікті өлкетанушылардың бастамасымен ұйымдастырылып, өлке тарихына арналған жылжымалы көрмені қалыптастырды. Қамқор адамдардың күш-жігерінің арқасында ол алғашқы жылдары шағын мектеп мұражайы ретінде жұмыс істеді, кейінірек "жергілікті өлкетану мұражайы", "аудандық өлкетану мұражайы" болып өзгерді. Бүгінде Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайы - Ақтөбе облысының ірі ғылыми-зерттеу, ағарту және мәдени-демалыс мекемелерінің бірі.

2018 жылғы 14 қарашада жалпы ауданы 4360,4 шаршы метрді құрайтын жаңа мұражай ғимаратының ресми ашылуы өтті. Жаңа мұражайда 10 залдары бар, шеберханалар, ғылыми кітапхана, қор экспонаттарын сақтау бөлмелері, шығармашылық бөлмелер және т. б. қарастырылған. Көрме залдарында жаңа технологиялар көлемді LED экрандар, интерактивті виртуалды кітап, мультимедиялық жабдықтар, виртуалды голографиялық кешен, ақпараттық киоскілер іске қосылды.