Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің атындағы саябағына қарама-қарсы;
Координаты: 50.283999, 57.184456
"Қазақ халқына мың алғыс" стеласы
Монумент Қазақстанға жер аударып жіберілгенде және олар үшін нағыз Отанға айналған барлық этностардың атынан қазақ халқына алғысын білдіреді. Жоба "Туған жер" бағдарламасы аясында жергілікті кәсіпкерлердің қаражатына іске асырылды.
Биіктігі 30 метр болатын ескерткіш шартты түрде бес фрагментке бөлінген, олардың әрқайсысының ерекше мәні бар. Осылайша, Жер шарындағы Қазақстанды бейнелейтін картасы фрагменттерінің бірі ел аумағының тұрақтылығының берік негізін білдіреді. Сондай-ақ, Мемлекет тарихы туралы ежелгі кезеңнен қазіргі заманға дейінгі ақпарат көрсетілген.
Болашаққа прогрессивті және ілгерілемелі даму идеясы жеті қырлы бағана түрінде жасалған стеланың негізгі діңі. Жеті қыры ниеті мен даму идеяларының киелі адалдығын көрсетеді.
Стеланың жоғарғы бөлігінде киіз үйдің бейнесі - үй ошағының, туған тарихтың, еркін халықтың символын бейнелейтін композиция салынған. Композицияны ел Тәуелсіздігін, сабақтастық пен прогрессивті дамуға деген ұмтылысты білдіретін қанаттарын жайған бүркіттің бейнесі аяқтайды. Стеланың артында 14 бағанадан тұратын 85 метрлік колонна орналасқан.