«Зару» – Батыс Қазақстандағы алғашқы әрі жалғыз марал шаруашылығы, сондай-ақ пантоемдеуге мамандандырылған өңірдегі жалғыз шипажай.
2017 жылы Шығыс Қазақстан облысынан 150 бас марал әкелінді. Бүгінде шаруашылықта 400-ден астам марал өсірілуде. Өнімдері «Зару» пантоемдеу шипажайында; Алматы, Ақтөбе және Қостанай қалаларындағы филиалдарда; сауықтыру және медициналық оңалту бағдарламаларында пайдаланылады, сондай-ақ халыққа сатылады. Емдеу бағыттары: панталы ванналар; панталы ораулар; ингаляциялар; пантогематоген қабылдау; пантогематоген қосылған оттекті коктейльдер; емдік массаж; физиотерапия; емдік дене шынықтыру; кешенді сауықтыру және оңалту бағдарламалары. Бір ауысымда шипажай 150 адамға дейін қабылдай алады. Спорт алаңдары, спорт залы, Wi-Fi, диеталық мәзір, 4 рет тамақтану бар. «Зару» шаруа қожалығының ұжымы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығымен марапатталды.