«Қан мен тер» романы кейіпкерлеріне арналған ескерткіш-белгі
«Қан мен тер» романы кейіпкерлеріне арналған ескерткіш-белгі

Әбдіжәміл Нұрпейісов — Қазақстанның халық жазушысы, қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан көрнекті қаламгер, қоғам қайраткері. Оның «Қан мен тер» трилогиясы — «Ымырт», «Сергелдең», «Күйреу» атты үш кітаптан тұратын, ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының әлеуметтік тағдырын, адам мінезін, дәуір қайшылығын терең бейнелеген шығарма. Романда Арал өңірі, Шалқар мен Ақтөбе аймағына қатысты тарихи-әлеуметтік кеңістік көркемдік тұрғыда суреттеледі.


Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіш 2008 жылы орнатылған. Композиция Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясындағы кейіпкерлер әлемін кеңістікте бейнелейді. Қоладан құйылған мүсіндік топ қызғылт қалақтаспен әрленген шоқы тас тәрізді тұғырға орналастырылған. Тұғырдың ұзындығы — 5,65 метр, ені — 3 метр, биіктігі — 1,62 метр. Композиция көлемі 12 х 12,6 метр болатын қызғылт гранитпен қапталған екі сатылы крест пішінді іргетасқа орнатылған. Бел-Аран шоқы тасының символдық бейнесі үстінде жақсы өмір мен бостандыққа ұмтылған Еламан мен Қален, сұлу Ақбала, Сүйеу қарт, Судырахмет, Қарақатын және итін ерткен Тәңірберген бейнеленген.


Мүсінші: Е. Жауымбаев

  • Саябақ Абай даңғылы
Построить маршрут «Қан мен тер» романы кейіпкерлеріне арналған ескерткіш-белгі
Тағы қараңыз