Виктор Пацаев 1933 жылы Ақтөбеде дүниеге келген, ұшқыш-ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры. 1971 жылғы маусымда «Союз-11» кемесімен ұшып, «Салют-1» станциясында ғылыми тәжірибелер жүргізді. Ескерткіш сатылы стилобаттан, төрт метрлік бес қырлы қызыл гранит стеладан және екі метрлік мүсіннен тұрады. Жоғары бағытталған пішін ғылым мен ғарышқа ұмтылысты білдіреді. Мүсінші — Ю. А. Тур, сәулетші — А. А. Заварзин. 1976 жылғы 4 маусымда ашылған; республикалық маңызы бар.