Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов — ұшқыш, авиация генерал-майоры, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры. Ол 1922 жылы 5 тамызда Ақмола облысы, Қорғалжын ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдарында Ил-2 шабуылдаушы ұшағымен майданға қатысып, 305 рет жауынгерлік тапсырмамен көкке көтерілді. Ерлігі, ұшу шеберлігі және жауынгерлік табандылығы үшін Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте иеленді.
Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіш-мүсін қоладан құйылған. Мүсіннің биіктігі — 0,5 метр. Тұғыры ескерткіштің түсімен үйлесетін қызыл түсті керамогранитпен қапталған. Тұғырдың биіктігі — 2 метр, ені — 70 сантиметр.
Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтің ескерткіш-мүсіні Ақтөбе қаласында 2009 жылғы 20 маусымда салтанатты түрде ашылды. Ескерткіш батырдың есімі мен ерлігін ұлықтау мақсатында, Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының аумағында орнатылған.