Орналасуы: Байғанин ауданы
Координаттары: 47.395125, 55.488907
"Ақбота - Сәнкібай" тауы Миялы ауылынан 45 км орналасқан.
ХVIII ғасырда жылқылар табынына ие болған бай және құрметті адам Сәңкібай өмір сүрген. Дәстүр бойынша, ол жылдары ауыл еркектері Әбілқайыр ханға құрмет сапарларымен барып тұратын. Ауылда жауынгерлердің жоқтығын пайдаланып, оған қалмақтар шабуыл жасап малдарын айдап әкеткен. Сәңкібайдың ержүрек қызы – Ақбота жастарды жинап, ұрланған малды қайтару үшін арттарынан қуғынға шықты. Дұшпандармен шайқаста Ақбота кеудесіне ауыр жарақат алып, қаза тапты. Бірақ малды ауылға қайтарды. Бұл жазымды естіген Сәңкібай қызының қайтыс болуына қатты қайғырды. Ол қабіріне адамдар мен жануарлардың аяқтары тимесін деп оның денесін таудың басына көмуге шешім қабылдады, бірақ көп ұзамай қайғыдан өзі де тасқа айналды. Сол кезден бері, екі тұлғаның бірігуін бейнелейтін, қол жетпейтін жартас Ақбота - Сәңкібай атауына ие болды.