Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы,Жарөткел ауылының оңтүстік – батыс шетінде
Ескерткіштің сипаттамасы: Информаторлардың мәлімдеуінше, қазіргі таңда мешіттің қирандылары қалып, «азан шақыратын жері» ғана аман қалған. Мешітті 1880 жылы төртқара руының ақкиіз – аңдабек бөлімінен шыққан Қалжан мен Дәуренбек атты шеберлер салған. Бұл ғимарат шикі кірпіштен бір қабат етіп көтеріліп, бөлмелердің төбелері күмбез күйінде жабылған, мұнарасы бар мешіт болған.
Тарихи мәлімет: Информаторлардың (соның ішінде 1926 жылы дүниеге келген немересі Саттаберген Әбдіғаниевтің) мәліметтері бойынша Сары – Ишанның шын аты Қожахмет. Ол 1858 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мешітінен діни білім алған. Оқуын тәмамдаған соң 1878 – 1882 жылдары осы өңірге жіберіліп, Ыскөл жерінде төртқара руы оған шаруашылық жүргізуге жер бөліп береді. 1880 жылы ишанның басшылығымен осы жерде мешіт тұрғызылады. Сары – ишан мешіттің имамы қызметін атқарып, халық арасында үлкен беделге ие болған. 1933 жылы дүниеден өтіп, осы зиратта жерленген. Мешіт 1925 – 26 жылдарға дейін жұмыс жасаған. 1935 – 36 жылдары дінге қарсы күрес жүргізілген кезеңде ескерткіш қиратылады.