«НҰРДӘУЛЕТ» МЕШІТІ
«НҰРДӘУЛЕТ» МЕШІТІ

Ақтөбе қаласы «Нұрдәулет» мешіті 1999 жылы маусым айында Мұхаммед пайғамбарымыздың туылған күніне, Ақтөбе қаласының іргетасы қаланғанына 130 жылдық мерейтойына тарту ретінде өз есігін айқара ашты. Мешітті ашуға арнайы қаланың құрметті қонағы болған еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келді. Көлемі 1730 шаршы метр бөлмеден тұратын намазханада бір мезгілде 1 мың 500 адам иық тірестіріп құлшылық ететін, іші араб елдерінен әкелінген кафельдермен көмкерілген. Ең үлкен бөлмесі 360 шаршы метр, биіктігі 13 метр, бірде бір тағансыз радиусы 17 метрлік күмбезбен көмкерілген. Ерекшелігі «Нұрдәулет» мешіті, «Дәстүр үйі», «Нұрдәулет» сауда, бизнес орталығы бір ғимаратта орналасуында.

Построить маршрут «НҰРДӘУЛЕТ» МЕШІТІ
Тағы қараңыз