"Нұр Ғасыр" облыстық орталық мешіті

Орналасқан жері: Әбілхайыр хан даңғылы, 92;
3D-tour: Өту
Сайт: Өту
Instagram: Өту
Координаты: 50.282269, 57.189501

Маршрут салу Маршрут салу

"Нұр Гасыр" облыстық орталық мешіті 3500 адамға арналған. Салтанатты ашылу рәсімі 2008 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті - Дмитрий Медведев және Қазақстанның бұрынғы Бас мүфтиі - Әбсаттар Дербісәлінің қатысуымен өтті.
Мешіт ғимараты төртбұрышты, әр бұрышында әрқайсысының биіктігі 63 метрлік мұнаралар орналасқан. Биіктігі 40 метр және диаметрі 20 метр мешіттің күмбезі ғимараттың дәл ортасында орналасқан. Мешіт ғимаратында облыстық "Руханият" мұражайы, Құран оқылатын бөлме, неке қию залы, 25 оқушыға арналған медресе және 300 адамға арналған асхана орналасқан.
Мешіттің ішкі жағы, бағандар, едендер, баспалдақтар түрлі түсті мәрмәрмен және сұр гранитпен қапталған. Мешіттің алдына фонтан мен алаң орнатылған.