Жеңіс аллеясы — Ақтөбе қаласының Жилгородок ауданында орналасқан қоғамдық демалыс орны. Қала тұрғындары арасында бұл орын «Стометровка» атауымен танымал. Аллея 2022 жылы ауқымды қайта жаңартудан өтіп, сол жылдың қараша айында ресми түрде ашылды. Оның аумағында жаңа кіреберіс тобы, жаңартылған жарықтандыру, автоматты суару жүйесі, орындықтар мен шахмат үстелдері орнатылды. Жилгородоктың тарихымен байланысты бұл аллея қала тұрғындары мен қонақтары үшін серуендеп, демалуға арналған орын болып табылады.