«Аққұм» құмдары
«Аққұм» құмдары

Аққұм - Байғанин ауданы Алтай батыр ауылындағы Сағыз өзенінің оң жағалауында орналасқан құмды алқап. Ұзындығы 40 км, ені 15 км. құмдары ұсақ түйіршікті, борпылдақ, топырақ жаралу процесіне аз әсер етеді. Шала бұталар (тамариск, джузгун) кешендерінен тұратын жусан-бетегелі өсімдік жамылғысы да сексеуіл тоғайлары да кездеседі. Жануарлар әлемінен ор қоян, қарсақ, секіргіш қосаяқ, шағыл мысығы сарбалақ, кіші бозторғай, шөл шақшақайы, құмтышқан, бұлаңқұйрық батбат, дала ешкіемері, құм айдаһаршасы мекендейді.

Построить маршрут «Аққұм» құмдары
Тағы қараңыз