Талғат Теменовтың «Гүлназ» повесінің желісі бойынша
Сахналаған: Айгүл Кемелбаева
Қоюшы режиссері: «Дара» төсбелгісінің иегері Елтай Кемал
Қоюшы суретшісі: Мұрат Мамбетов
Костюм суретшісі: Айдана Жылқаманова
Хореограф: Ляззат Мухамедалина
Музыкалық безендіру: Мұрат Кулетенов
Оператор: Өмірбек Элеков
Оқиға Орал, Гүлназ және Жеңіс үшеуінің мектеп қабырғасында басталған алғашқы махаббат тартысын баяндайды.
Алаулап жанған сезімнің жетегінде досын жарақаттаған Оралдың тағдыры қайда бұрылады? Ал досына сатқындық жасаған Жеңістің махаббатын шынайы деуге бола ма?
Екі оттың ортасында қалған Гүлназ да талай қиыншылықты бастан өткереді.
Араға жылдар салып, уақыт сырғи береді. Кіршіксіз балалық сезімнен басталып, жүрек қылын шертер мұңды да сырлы әуен тербеген ғашықтардың махаббат хикаясы көрерменді де бей-жай қалдырмасы анық.
Рөлдерде:
Гүлназ — Аружан Базарбаева, Мөлдір Ғанибекова
Орал — Әділет Мұхтар
Жеңіс — Е. Досжанов
Бибі — Дана Ниязова
Әміртай — Шыңғыс Тельманов
Дарын — Арман Ахметов
Қуат — Нұрпейіс Қазымбетов
Мектеп директоры — ҚР мәдениет саласының үздігі Айгүл Оразалина
Әмина мұғалім — Жанар Қанымқұлова
Ақторғай мұғалім — ҚР мәдениет саласының үздігі Роза Ерболатова
Сабыр мұғалім — ҚР мәдениет саласының үздігі Абзал Құдайбергенов
Гүлназдың жездесі — ҚР мәдениет саласының үздігі Нұрсұлтан Айтқалиев
Полицей — Айбол Қозбақ
Музыкант — Әсет Сисенов
Оқушы — Нұрсұлтан Есет