"Наставник"

"Наставник"
11.12.2019

"Халықтық" "Наставник" соғыс және еңбек ардагерлерінен  құралған хор ұжымының 40 жылдық мерейтойына орай "Как молоды мы были" атты мерейтойлық концерттік кеші өтеді!

Концертте "Наставник" хор ұжымының 40 жылдық қоржынында сақталған настальгиялық халық әндері мен заманауи шет тіліндегі әндер шырқалады!

Жанды дауыстағы әуендер жүректен шығып жүректерді тербейтіні сөзсіз. Ал, концертте өнер көрсететін ұжымдардың сан салалы аспаптық орындауларындағы музыкалық композициялар зор көңіл күй сыйлайды.

Концерт барысында хор ұжымының  марапатқа лайық, еңбегі елеулі өнерлі мүшелері марапатталады.

Сіздерді 11 -желтоқсан, сағат 16.00-де Қалалық мәдениет Үйінде күтеміз!

Концертке кіру тегін.