«Visit Aktobe» облыстық туристік видеоконкурсы

«Visit Aktobe» облыстық туристік видеоконкурсы
01.11.2018

   Достар, 29 тамызда «Visit Aktobe» облыстық туристік бейне-байқау аясында Сараптамалық кеңестің жиналуыменонлайн-дауыс беруге қатысатын бейнероликтерді таңдау үшін бейне-байқаудың 2-ші кезеңі өткізілді. Сараптамалық кеңестің шешімі бойынша, ұсынылған материалдардың техникалық талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты «Visit Aktobe» бейне-байқауы 2 (екі) айға ұзартылды. Сараптамалық кеңестің құрамына объективті және тәуелсіз бағалауын қамтамасыз ету мақсатындакинематография(режиссерлар), ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, туризм саласының өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты. Сонымен, «Visit Aktobe» облыстық туристік бейне-байқауының өтінім беру мерзімі 2018 жылдың 1 қарашасына дейін. Жүлде қоры: I орын – 200 000 тг., ІІ орын – 100 000 тг., ІІІ орын – 50 000 тг.  Байқаудың ережесімен және қатысу ережелерімен visitaktobe.kz сайтында таныса аласыз. Барлық қызығушылық танытқандарды «Visit Aktobe» облыстық туристік бейне-байқауына қатысуға шақырамыз. Өз өтінімінді жіберуге үлгер, ақшалай жүлдеге ие болу мүмкіндігін жіберіп алма! Инстаграмдағы ресми парақшалар @kasipker_aktobe @qazaqtourism.

Байқау