«Visit Aktobe» облыстық туристік бейнебайқауы

«Visit Aktobe» облыстық туристік бейнебайқауы
01.11.2018

Достар, 29 тамызда «Visit Aktobe» облыстық туристік бейнебайқау аясында Сараптамалық кеңестің жиналуыменонлайн-дауыс беруге қатысатын бейнероликтерді таңдау үшін бейне-байқаудың 2-ші кезеңі өткізілді. Сараптамалық кеңестің шешімі бойынша, ұсынылған материалдардың техникалық талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты «Visit Aktobe» бейнебайқауы 2 (екі) айға ұзартылды. Сараптамалық кеңестің құрамына объективті және тәуелсіз бағалауын қамтамасыз ету мақсатындакинематография (режиссерлар), ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, туризм саласының өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты. Сонымен, «Visit Aktobe» облыстық туристік бейнебайқауының өтінім беру мерзімі 2018 жылдың 1 қарашасына дейін. Жүлде қоры: I орын – 200 000 тг., ІІ орын – 100 000 тг., ІІІ орын – 50 000 тг. Байқаудың ережесімен және қатысу ережелерімен visitaktobe.kz сайтында таныса аласыз. Барлық қызығушылық танытқандарды «Visit Aktobe» облыстық туристік бейнебайқауына қатысуға шақырамыз. Өз өтінімінді жіберуге үлгер, ақшалай жүлдеге ие болу мүмкіндігін жіберіп алма! Инстаграмдағы ресми парақшалар @kasipker_aktobe @qazaqtourism.

Байқау