Тегін кең ауқымды экскурсия

Тегін кең ауқымды экскурсия
25.08.2018

2018 жылдың 25 тамызында сағат 16:00-де «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ қолдауымен «QAZAQTOURISM» @qazaqtourism туроператоры қала тұрғындары мен қонақтарына Ақтөбе қаласы бойынша тегін шолу экскурсиясын ұйымдастырады. Экскурсия барысында сіздер тарихи-мәдени ескерткіштерді, туристік объектілер мен қаламыздың көрікті жерлерін көресіздер. Экскурсия қазақ және орыс тілдерінде өтеді, экскурсия ұзақтығы 2 сағат. Жиналу орны: "Мәңгілік алау" кешені (5 мөлтек аудан). Тегін экскурсия жаз уақытының әр сенбісінде өткізіледі.  Алдын-ала тіркелу үшін сағат 10:00 ден 18:00 ге дейін осы нөмірге xабарласыңыз: 8(7132)24-22-94 +77789831870

Өтетін орны: 5ы.а. Мәңгілік алау жанында
Өтетін уақыты: 25 тамыз  16:00
Кіру: тегін