PATA Travel Mart 2019 халықаралық туристік көрмесі

PATA Travel Mart 2019 халықаралық туристік көрмесі
18.09.2019

Азия-Тынық мұхит туристік ассоциациясы (PATA) қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында, PATA Travel Mart 2019 көрмесін ұйымдастырады.

Қазақстанның атынан іс-шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі және «Kazakh Tourism» ҰК АҚ ұйымдастырып, Астана қаласының әкімдігі қолдау көрсетеді . Ірі Азиялық қалалармен болған бәсекелестікте Астана қаласының бұл көрмені өткізу құқығын жеңіп шығуы, Астананың аймақтағы бизнес және туристік орталыққа айналғанын дәлелдейді. Көрмеге Қазақстанның мақсатты нарықтары саналатын Азия және Еуропа елдерінен шамамен 1200 қауымдастық мүшесі келеді.

Көрме жыл сайын РАТА-ның ұйымдастыруымен 1978 жылдан бастап шамамен 44 қалада өткізіліе, 40 мыңнан астам делегат санын қамтыды. Соңғы он жыл ішінде көрме Mакао (2010, 2017), Дели (2011), Манила (2012), Чэнду (2013), Пномпень (2014), Бангалор (2015), Джакарта (2016), Лангкави (2018 ) қалаларында өткен. Өткен жылы көрме 12-14 қыркүйек аралығында Малайзияда Лангкавида өтті. Оған әлемнің 33 елінен 389 қатысушы келді. Сондай-ақ, іс-шараға 241 ұйымнан 252 тур операторлар қатысқан болатын.

1951 жылы құрылған PATA - Азия-Тынық мұхиты аймағында және одан тыс жерлерде саяхаттау және туризмді дамытудың катализаторы ретінде әрекет ететін коммерциялық емес қауымдастық. Қауымдастық 95-тен астам үкіметтік, мемлекеттік және қалалық туристік ұйымдарды, 20 халықаралық әуе және әуежайларды, 102 қонақжайлық ұйымдарды және 70 оқу орындарын қоса алғанда, 800-ден астам мүше ұйымдар үшін келісілген ақпараттық-насихаттау, зерттеу және инновациялық қызметпен қамтамасыз етеді.