«Мұқағали»

«Мұқағали»
07.06.2019

    Т. Ахтанова атындағы облыстық драма театрының қазақ труппасы режиссер Мейрам Хабибуллиннің қоюымен жыр жауһары Мұқағали Мақатаев туған күніне орай «Мұқағали» атты перфомансты сахналайды. Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім- деп ақынның өзі жырлағандай, өмірден өзі кетсе де оның өлеңі өшпей, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып, көкке қалықтайды.
Мұқағали – қазақтың саңлағы,
Мұқағали  – ән жырдың шаңырағы.
Шырқалғанда жырларың жаным толқып,
     Жүдеу тартқан көңілім жадырады деп- оның сөзіне жазылған әндер бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Ақынды еске алу, оның өшпес көркем мұрасын жастарға насихаттау.
Билет құны: 1000 тг.

М.Мақатаев «Мұқағали»
Жанры: перфоманс  
Қоюшы режиссері: Мейрам Хабибуллин
Қоюшы суретші: Абылайхан Аманжол

Өткізілетін жер : Т.Ахтанова атындағы театр 
Телефон: Касса: 21-51-21, администратор: 24-17-36.