" IV жыл сайынғы ауыр спорт түрлерінен G-STRONG POWER FEST" фестивалі

" IV жыл сайынғы ауыр спорт түрлерінен G-STRONG POWER FEST" фестивалі
30.08.2018

2018 ж. 30 тамызда Ақтөбеде спорттың ауыр түрлерінен жыл сайын өтетін " IV-G-STRONG POWER FEST" турнирі ұйымдастырылады. Бұл- ерік-жігер мен күш сынға түсетін күн. Турнир спорттың келесі түрлері бойынша Қазақстан мен Ресейден атлеттерді қабылдайды: армрестлинг, пауэрлифтинг, гір көтеру,  армлифтинг, массрестлинг, стронгмен, күш воркауты. Шақырылған атлеттер:  Сергей Цырюльников ( Астана, Қазақстан) Генес рекордтар кітабының 2 мәрте рекордсмені, Қазақстанның рекордтар кітабының 3 мәрте жүлдегері. Қажымұқан Мұңайтпасов пен Балуан Шолақтың ізін жалғастырушы. Айтым Жакупов (Астана, Қазақстан)-Қазақстан воркаут спорты Федерациясының бас жаттықтырушысы, әлемнің мықты спортшыларының бірі. Иван Денисов (Челябинск, Ресей)-гір спорты бойынша толық әлем чемпионы, әлем рекордтарын жаңартушы, халықаралық спорт фестивальдері мен семинарларының жүлдегері.

Өтетін орны: Президент ат. саябақ
Өтетін уақыты: 30 тамыз   16:00