Әйтеке би ауданы күндері

Әйтеке би ауданы күндері
17.08.2018

2018 жылы 17-18 тамыз күндері Ақтөбе қаласында Әйтеке би ауданы кундері өтеді. Іс-шара барысында мәдени-танымдық және көркем өнерпаздық бағдарламалар белең алады. Мерекелік шаралар екі күн бойы сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін келесі бағдарлама бойынша жалғасатын болады:

17 тамыз

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында білікті қолбасшы, алғабастар саясаткер Әбілқайыр ханның 325 жылдығына арналған ақпаратты-танымдық конференция
Өтетін орны: С.Бәйішев ат. ғылыми кітапхана
Өтетін уақыты: 09:00

Әйтеке би ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі
Өтетін уақыты: 10:00

Әбілқайыр хан ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі
Өтетін уақыты: 11:30

Т. Ахтанов ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі
Өтетін уақыты: 18:00

К. Шаңғытбаевтың "Ой, жігіттер-ай" пьесасы бойынша аудандық "Замандас" халық театрының қатысуымен өтетін спектакль
Өтетін орны: Т. Ахтанов ат. облыстық драма театры
Өтетін уақыты: 19:00

18 тамыз

Ауылшаруашылық жәрмеңке
Өтетін орны: Табыс коммуналдық базары
Өтетін уақыты: 08:00

"Шын жүректен" қайырымдылық акциясы
Өтетін орны: Облыстық "Үміт" балалар үйі
Өтетін уақыты: 11:30

"Біз-бақытты баламыз" бағдарламасы аясында балаларға арналған мерекелік іс-шара, мәдени-спорттық шаралар
Өтетін орны: Президент атындағы саябақ
Өтетін уақыты: 19:00

«Адалдық пен әділдіктің мекені — Әйтеке би» атты белгілі әншілер мен Әйтеке би ауданынан шыққан өнерпаздардың қатысуымен өтетін гала-концерт
Өтетін орны: Президент атындағы саябақ
Өтетін уақыты: 21:00

 





⠀⠀