Ақтөбе қаласы бойынша экскурсия өтеді

Ақтөбе қаласы бойынша экскурсия өтеді
21.07.2018

2018 жылдың 21 шілдесінде сағат 16:00-де «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ қолдауымен «QAZAQTOURISM» @qazaqtourism туроператоры қала тұрғындары мен қонақтарына Ақтөбе қаласы бойынша тегін шолу экскурсиясын ұйымдастырады. Экскурсия барысында сіздер тарихи-мәдени ескерткіштерді, туристік объектілер мен қаламыздың көрікті жерлерін көресіздер. Экскурсия қазақ және орыс тілдерінде өтеді, экскурсия ұзақтығы 2,5 сағат. Жиналу орны: "Мәңгілік алау" кешені (5 мөлтек аудан). Тегін экскурсия жаз уақытының әр сенбісінде өткізіледі. 

Алдын-ала тіркелу үшін сағат 10:00 ден 18:00 ге дейін осы нөмірге xабарласыңыз: 8(7132)24-22-94
+77789831870